10/28/2026 | Press release | Distributed by Public on 10/28/2026 05:16
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ үшін екінші деңгейдегі банктер синдикатынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалпына келтіру жобасын одан әрі іске асыруға 700 млн АҚШ долларына дейін қаржыландыру тартуға келісті.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы екінші деңгейдегі банктер - Halyk Bank, Еуразиялық банк және «Банк ЦентрКредит» қаражаты есебінен ҚДБ алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін қайта қаржыландыру туралы келісім жасасты. Іс-шараға сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым және Қазақстанның Даму Банкі Басқарма төрағасы Марат Елібаев қатысты.
- Мемлекет басшысының тапсырмасын практикалық тұрғыда іске асыру мақсатында Ұлттық Банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп арнайы жобалық кеңсе құрылды. Оның жұмысы барысында нақты шешімдер мен тетіктер әзірленді, ал бүгін біз бірлескен жұмысымызды нақты практикалық нәтижелер арнасына бағыттап отырмыз, - деп атап өтті Үсен Ғалым.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жобасы бойынша ЕДБ синдикатымен келісім жасасу - ҚДБ мен Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің бірлескен жұмысы автомобиль жолдарының көлік-пайдалану жай-күйін жақсартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететінінің нақты мысалы.
ҚДБ бұл жобаны 2024 жылдан бастап қаржыландыруға қатысып келеді. Кредиттік келісімнің сомасы 1 млрд АҚШ долларын құрайды. Бүгінде жалпы ұзындығы 3 272 км болатын 164 нысанда жұмыстар аяқталды. Тағы 1 594 км болатын 60 нысанда жұмыстар жалғасуда. Олардың қатарында Самара - Шымкент, Жезқазған - Петропавл, Доссор - Ақтау, Қызылорда - Павлодар және Екатеринбург - Алматы бағыттарындағы стратегиялық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелері және еліміздің басқа да маңызды көлік бағыттары бар. ҚДБ-ның «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жобаларына қатысу ауқымы Қазақстанның 15 өңірін қамтиды. Олар: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Алматы қаласы.
- Біз коммерциялық банктерді басым стратегиялық және ел үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау мақсатында қаржылық ресурстар мен құзыреттерді біріктіре алатын серіктестер ретінде қарастырамыз. Мұндай тәсіл капитал тарту мүмкіндіктерін кеңейтіп, ҚДБ жобаларына халықаралық қаржы институттарымен қатар ЕДБ-лардың да қатысуын икемді түрде ұйымдастыруға, сондай-ақ ел экономикасын жедел дамытуға бұдан да көп ресурстар бағыттауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.
Еліміздің автомобиль жолдарын қалпына келтіру, реконструкциялау және салу жобалары халықаралық қаржы институттарымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан ҚДБ-ның ірі жобалар пулына кіреді. Мемлекеттік даму институттары мен екінші деңгейдегі банктердің өзара іс-қимылына негізделген капиталды көп қажет ететін индустриялық жобаларды қаржыландыру моделі ҚДБ тәжірибесінде қолданылып келеді. Атап айтқанда, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС жобасы - Орталық Азиядағы ірі тау-кен байыту кешендерінің бірі әрі ашық әдіспен өндірілетін мыс кеніштерінің бірі. Кәсіпорын тұрақты операциялық көрсеткіштерге қол жеткізгеннен кейін Halyk Bank ҚДБ қаржыландыруының екінші лимиті бойынша міндеттемелерге қызмет көрсетуді өз мойнына алды.
Банк 25 жыл ішінде жалпы сомасы шамамен 19 трлн теңгеге 218 инвестициялық жобаны және 151 экспорттық операцияны қаржыландырды. ҚДБ қолдауымен 151 жаңа кәсіпорын пайдалануға беріліп, 38 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 2025 жылы Банк жалпы сомасы 2,3 трлн теңгені құрайтын 77 жобаны қаржыландырды.