KASE - Kazakhstan Stock Exchange JSC

09/18/2025 | Press release | Distributed by Public on 09/18/2025 03:17

15 ҚАЗАННАН БАСТАП KASE ӨЗІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ НҰСҚАСЫНА ҚОЛЖЕТІМДІКТІ ЖАБАДЫ

15 ҚАЗАННАН БАСТАП KASE ӨЗІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ НҰСҚАСЫНА ҚОЛЖЕТІМДІКТІ ЖАБАДЫ

/KASE, 18.09.25/ - Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) қазіргі уақытта толығырақ сілтемесі бойынша қолжетімді KASE ресми интернет-ресурсының алдыңғы нұсқасына қолжетімділіктің 2025 жылдың 15 қазанынан бастап жабылатыны туралы хабарлайды.

Биржаның интернет-ресурсының жаңа нұсқасы 2024 жылдың 03 желтоқсанынан басталған тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңі аяқталғаннан кейін 2025 жылдың 17 наурызынан бастап іске қосылды. Осы күннен бастап KASE пайдаланушыларға жаңа интернет-ресурстың және оның интерфейсінің мүмкіндіктерін игеру үшін қажетті бейімделу кезеңін ұсыну мақсатында өзінің ресми сайтының екі нұсқасын да өзекті күйде ұстады.

KASE корпоративтік интернет-ресурсы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде адаптивті нұсқаларда (стационарлық, планшеттік және мобильді нұсқалар) қолжетімді және Қазақстанның қор нарығы, Биржа қызметі, оның мүшелері, листингілік компаниялар және қаржы құралдары туралы ақпараттың басты көзі функцияларын орындай отырып, Биржаның және оның қызметтерінің клиентке бағдарлануын арттыру құралдарының бірі болып қала береді.

KASE пайдаланушыларға сайттың жұмысы бойынша кері байланыс үшін ризашылығын білдіріп, ескертулер мен ұсыныстарды [email protected] мекенжайына жіберуді сұрайды.

[2025-09-18]

KASE - Kazakhstan Stock Exchange JSC published this content on September 18, 2025, and is solely responsible for the information contained herein. Distributed via Public Technologies (PUBT), unedited and unaltered, on September 18, 2025 at 09:17 UTC. If you believe the information included in the content is inaccurate or outdated and requires editing or removal, please contact us at [email protected]