Karazhanbasmunay AO

11/27/2026 | Press release | Distributed by Public on 11/27/2026 06:33

ҚБМ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ «ҚМГ КӘСІП» БАҒДАРЛАМАСЫНДА

ҚБМ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ «ҚМГ КӘСІП» БАҒДАРЛАМАСЫНДА

27 Ноябрь 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «ҚМГ Кәсіп» модульдік оқыту бағдарламасына қатысып жатыр. Бағдарлама жұмысшы мамандардың кәсіби және жеке құзыреттерін дамытуға, техникалық білімін тереңдетуге және өндірістік дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Жоба аясында ҚМГ компаниялар тобының 200-ден астам қызметкері тоғыз бағытты қамтитын 16 жұмысшы мамандығы бойынша оқудан өтеді. Атырауда басталған алғашқы модуль кәсіби шеберлікті шыңдауға және техникалық білімді жетілдіруге арналған. Оқу барысында теориялық сабақтар практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасады.

Бағдарламаның екінші модулі желтоқсан айында өтеді деп жоспарланған. Бұл кезеңде қызметкерлердің икемді дағдыларын дамытуға, үнемді өндіріс қағидаттарын меңгеруге, корпоративтік және қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға басымдық беріледі. «ҚМГ Кәсіп» - жұмысшы мамандардың біліктілігін арттыруға, адами капиталды дамытуға және өндірістік тиімділікті көтеруге бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Karazhanbasmunay AO published this content on November 27, 2026, and is solely responsible for the information contained herein. Distributed via Public Technologies (PUBT), unedited and unaltered, on November 27, 2026 at 12:33 UTC. If you believe the information included in the content is inaccurate or outdated and requires editing or removal, please contact us at [email protected]