Development Bank of Kazakhstan JSC

11/10/2026 | Press release | Distributed by Public on 11/11/2026 07:40

Энергетикалық трансформациядан климаттық инвестицияларға дейін: ҚДБ COP31 аясында екі бастамаға қосылды

Энергетикалық трансформациядан климаттық инвестицияларға дейін: ҚДБ COP31 аясында екі бастамаға қосылды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-конференциясы (COP31) аясында екі бастама бойынша ынтымақтастыққа қосылды.

Конференция аясында ҚДБ ынтымақтастық туралы екі меморандумға қосылды. Оның біріншісі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) бірлесіп жүзеге асырып отырған, еліміздің энергетикалық трансформациясын қолдауға бағытталған QaJET инвестициялық платформасы аясындағы өзара іс-қимылды көздейді. Меморандумға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Азия даму банкі, ОПЕК-тің Халықаралық даму қоры және NDC Partnership серіктестігі қатысады.

Екінші меморандум Қазақстанның климаттық инвестициялық платформасын құру бағытындағы ынтымақтастықты көздейді. Платформа ел үшін басым жобалар портфелін қалыптастырып, ұлттық және халықаралық қаржыландыруды тартуға бағытталған. Платформа Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобаларды дамыту халықаралық орталығы» КЕАҚ-ның қатысуымен Жасыл климаттық қордың Readiness 3 бағдарламасы аясында құрылуда.

COP31-дің іскерлік бағдарламасы аясында ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев QaJET платформасына арналған панельдік сессияда сөз сөйледі. Сессия барысында энергетика секторын жаңғыртуға инвестициялар мен қаржы тарту мәселелері талқыланды.

«Бүгінде климаттың өзгеруіне қатысты күн тәртібі инвестициялық саясат пен ұзақмерзімді экономикалық дамудың ажырамас бөлігіне айналып отыр. Қазақстан үшін энергетикалық трансформация мен өнеркәсіпті декарбонизациялау технологиялық жаңғыртуға, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және инвестициялар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазақстанның Даму Банкі ұлттық даму институты ретінде климаттық міндеттемелерді нақты инвестициялық жобаларға айналдыруға мүмкіндік беретін тиімді қаржыландыру тетіктерін қалыптастыруды өзінің негізгі міндеттерінің бірі деп санайды», - деді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Банктің басқарушы директоры Дина Жанаділ БҰҰ Жаһандық шарты мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысуымен өтетін Private Sector and Energy Partnership Dialogue аясындағы «Kazakhstan's Carbon Market: From National Mechanisms to International Cooperation» тақырыбындағы пікірталасқа қатысады. Кездесуде Қазақстандағы көміртек нарығын дамыту перспективалары, халықаралық ынтымақтастық және қаржыландыру тетіктері талқыланады.

COP31-ге қатысу Банктің халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанның инвестициялық дамуын қолдау бағытындағы жүйелі жұмысының жалғасы болып саналады. 25 жылдық қызметі барысында Банк жалпы сомасы шамамен 19 трлн теңгеге 218 инвестициялық жоба мен 151 экспорттық операцияны қаржыландырды. ҚДБ қолдауының арқасында 151 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 38 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Тек 2025 жылдың өзінде Банк жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге 77 жобаны қаржыландырды.

проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
Development Bank of Kazakhstan JSC published this content on November 10, 2026, and is solely responsible for the information contained herein. Distributed via Public Technologies (PUBT), unedited and unaltered, on November 11, 2026 at 13:40 UTC. If you believe the information included in the content is inaccurate or outdated and requires editing or removal, please contact us at [email protected]